Атырауда газ жарылып, үш адам ажал құшты

Қаза болғандардың бәрі - Өзбекстаннан келген бір отбасының мүшелері. Олар жекеменшік үйдің ауласындағы уақытша баспанада тұрып жатқан. Сонымен бірге оқиға орнында болған Тараз қаласының тұрғыны зардап шекті.

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, жарылған жердің опай-топайын шығарып, ауланың қақпасын ондаған метрге дейін ұшырып жіберді.

Жарылыстың себептері анықталуда. Оқиға орнында арнайы комиссия мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.