Атырауда ғасыр жасаған кейуана абайсызда қаза тапты


Марқұмды 8-ші наурыз қарсаңында облыс әкімі құттықтап, оған теледидар сыйға тартқан. 3 бала, 4 немере өсірген әжей байқаусызда құлап кетті ме, әлде өзі секірді ме, ол жағы белгісіз. Бірақ, марқұмды танитындардың сөзіне қарағанда, ол балконға мүлде шықпаған екен. Және соңғы кездері өмірден жалыққанын жиі айтыпты. Соған қарағанда, өзіне қол жұмсауы да ғажап емес.  Іспен қазір полиция айналысып жатыр.