-Сөйлеу білмейді, тамақ ішу білмейді, горшокке отыру білмейді. Аспанға қарап жатқан қыздарға езіп құйып жатқан таңдайы жоқ балалар бар. Сонда біздің еңбек қайда?
БұлАтыраудағы ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат үйінің қызметкерлері. Осындағы 3 пен 18 жас арасындағы 80-ге жуық баланы бағып-қағып жүргендердің шыдамы шегіне жеткен. Басшылықтан теперіш көрдік деген күтушілер базынасын айтуға қақтадан да бері шыға алмады.
Мәрияш Мақатова, күтуші:
Біз деген Астанадан комиссия күтеміз. Біздің ақшамызды төлеп берсін. Түнге шыққанымыз үшін, сауықтыру үшін берілетін ақшамызды берсін. Біздің де баламыз бар, жоғары оқу орнында оқып жатыр. Несиеміз бар. 45 000 ақша деген не зат? Кешегі қосылған 10 процент қайда?
Интернаттағы айқай-шумен облыстық еңбек инспекциясындағылар да таныс. Күтушілердің арызы бойынша тексеріс те жүргізілген. Бірақ, интернат қызметкерлерінің осыншама айқай шығаратындай жөні жоқ деп отыр.
Салауат Ищай, Атырау облысы бойынша бас еңбек инспекторы:
- Мемлекеттік еңбек инспекторы осы жағдайға байланысты тексеріс жүргізді, жалақылары дұрыс төленіп отыр. Тек қосымша жасаған жұмыстарына ақша төленбеу бойынша кемшіліктер анықталды. Соған сәйкес, интернат үйіне 37 040, ал есепші экономист Ғайни Тайшинаға 9260 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қайталанса, қатаңырақ жаза қолдыналады.
Бірақ, инспекторлар мәселе осымен шешілді дегенмен, оған интернат қызметкерлерінің сенгісі жоқ. Себебі, басшылары жергілікті жерлердегі тексеру орындарын көзге ілмейді екен.
Гүлнәз Имаш, интернат қызметкері:
-Айқайымызды Тамара Дүйсеноваға дейін жеткізіңіздерші, блогына жазып ем, жауап жоқ әлі. Мұндағы балалардың қандай екенін білесіздер ме, бір тиын болса да, маңдайымыздың терімен тауып жүрміз, министр комиссия жіберіп тексертсін. Себебі, Атырауда ешкімнің сөзі өтпейд бұларға!
Интернат қызметкерлерінің ендігі үміті Астанадан күтіп отырған комиссияда. Бірақ оның қашан келетіні белгісіз.Ал, тілшілермен кездеспек болған күтушілерді қақпаны құлыптап тастап, сыртқа шығармай қойған интернат басшылары бәрінен үндемей құтылуға бел буған сияқты.