Атырауда экс-полицей 90-ға таяған әкесінің қол-аяғын байлап ұстаған

Бұл туралы қоғам белсендісі Сандуғаш Кукенова Instagram-дағы парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бұл жағдай Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосында болған.
Өзінің туған баласы 90 жасқа таяп қалған туған әкесін адам төзгісіз жағдайға жеткізген. Аталған азамат бұрын ішкі істер органдарында (милиция қызметкері) қызмет атқарған, қазіргі уақытта зейнеткер. Соған қарамастан, ол қартайған әкесіне қатыгездік көрсетіп, оны үйдің бір бөлмесіне қамап ұстаған. Қарт кісіге тамақ пен су бермей, сыртқа шығуына мүмкіндік жасамаған. Сонымен қатар, «терезеден қашып кетесің» деген сылтаумен оның қолы мен аяғын скотчпен байлап, ар-намысына тиетін әрекеттер жасап, қорлаған.
Үлкен атамыз бір сәтін пайдаланып, дәретханаға барғандай болып, қайшы тауып алып, қолы мен аяғындағы скотчтарды өз күшімен шешкен. Кейін түн ортасында үйден қашып шығуға мәжбүр болып, беліне көрпе (одеял) орап, терезе арқылы сыртқа шығып кеткен. Содан кейін жақын маңда тұратын туған інісінің үйіне барып, болған жағдайды айтып, көмек сұраған.
Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша қарт адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрекеттерге құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғаның жауапкершілігі қаралуы қажет деп есептейміз”, - деп жазды қоғам белсендісі.