Атырауда карантин режимі күшінде қалдырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалаға кіріп шығатын блокбекеттер алынып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Кешеден бері ірі сауда орталықтары мен базарлар ашылды. Теміржол вокзалы мен әуежай да жолаушыларды қабылдай бастады. Ауру ошағы анықталған аудандарда карантин тәртібі сақталады. Атап айтқанда, «Теңіз» кен алаңындағы жұмысшылар қалашығы мен кейбір аудандар әлі де жабық.

Осы категория бойынша: « ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды