Атырауда кейін келгендерге әлімжеттік көрсеткен сарбаздар ұсталды


Батыс аймақтық әскери-тергеу басқармасы бес бұзақыға қатысты 8 дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу амалдары кезінде олардың барлығының кінәлары дәлелденді. Дегенмен жаппай ұрып-соғып, ақша бопсалауды ұйымдастырды деген біз сарбаз ғана темір торға тоғытылыпты. Қалғандарына қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Күші тасыған шекарашылардан қанша сарбаздың жәбір көргені де айтылмай отыр.