Жанар Ожағалиева кешкілік жұмыстан келе жатқанда тайып аяғын сындырып алған. Бүгін-ертең балдақпен болса да, үйіне шығарылмақ. Себебі, аурухананың жарақат бөлімшесінде бос орын жоқ. Қол-аяғын сындырып түсіп жатқандар саны қазір екі есе көп.
Асхат Бисенғалиев, Атырау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Көбіне қаралып жатқандар бізге орта жастағы егде тартқан адамдар, 45-70 аралығындағы. Соған сәйкес, сынықтармен түсіп жатқандар көбейді қазір. Бұрын 20 шақты ауру болатын еді, қазір күніне 40-42 болады.
Сондай-ақ, ауа-райының қолайсыздығына байланысты осы түннен бастап, республикалық маңызы бар жолдарға да бекеттер қойылған. Ал полицейлер Атыраудан Астраханды немесе Оралды бетке алған жүргізушілерді көліктерімен жарты жолға шейін шығарып салып отырмақ.
Талғат Марденов, Атырау облыстық ІІД бөлім бастығы:
-Бір машинамыз 30 шақырымға дейін жеткізеді, екіншісі келесі 30 шақырымға дейін. Сөйтіп-сөйтіп, жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Жол сақшыларының жүргізушілерге көмек көрсетіп аяқ астынан әбігерге түсуі тегін емес. Себебі, бір жарым ай ішінде мұз басқан жол үстінде көлік тізгініне ие бола алмай 15 адам қаза болған. Ал көшедегі мұздың әзір еритін түрі жоқ. Синоптиктер алдағы күндері күн күрт суытады деп болжайды.
Loading...