Атырауда көлік тонаумен айналысқан рэкет-салафиттер ұсталды

Үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Департаменті жүргізген шаралар нәтижесінде, Атырау қаласында 2 жыл бойы Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу қалааралық және халықаралық бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын тұлғалардан жүйелі түрде ақшаларын қорқытып алумен айналысқан адамдар тобы құрықталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөліктер жүріп-тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған.

Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымның ұстанушылары болып табылады.


Аталған қылмыс сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3 тармақтарында көрсетілген қылмыстық бұзушылық белгілерімен тіркелді. Топтың алты белсенді мүшелеріне қатысты күзетпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.