Ұстаздардың сөзіне сенсек, ұжымдағылардың көбі қудалауға ұшыраса да, орындарынан айрылып қалмас үшін басшыларына қарсы келмеген. Ал бас көтерген алты адамды жұмыстан шығарып жіберіпті. Мұнымен келіспегендер сотқа жүгініп, ақыры, қызметіне қайта қабылдау туралы шешім шыққанымен, басшылық оны да орындамай отыр екен. Колледждегі басшы мен қосшылары арасындағы дауға облыстық білім басқармасы да араласқысы жоқ. Айтуларынша, бұл жерде кімнің дұрыс, кімнің бұрыс сөйлеп тұрғанын анықтау қиын. Қазір тиісті орындар колледжде тексеріс жүргізуге кірісіпті.
Гүлшара Әміржанқызы, колледж оқытушысы:
-Менің еңбек өтілім бар, бірінші категориям бар. Соған қарамастан бұл кісі мені жұмыстан шығарып жіберейін деп отыр. Тек қана мені емес, міне тағы да қыздар тұр. Өзім барған кезде: «қайда барсаң онда бар, сен маған ештеңе істей алмайсың» дейді. Сол сөзіне қарағанда, жоғарыда бір сенген адамы отырған сияқты.