Атырауда Конституция күніне арналған ретрофестиваль өтті

4 сағаттан астам уақытқа созылған фестивальде облыстың барлық ауыл округтерінен жиналған әртістер әртүрлі жылдардағы 50-ге жуық ескі әндерді орындады.

Атырау облысының тумасы, танымал орындаушы, 1980 жылдардағы халықаралық және барлық одақтық байқаулардың жүлдегері Сембек Жұмағалиев облыстық ретофестивальдің құрметті қонағы атанды.