Атырауда көшеде жалаңаш жүріп, видеоға түсіп қалған қыз бұл қылығын неге күйініп істеді?

Ол – Атырау қаласының 1989 жылы туылған тұрғыны, деп хабарлайды "Қазақстан-Атырау" телеарнасы. Сосын қыздың полиция қызметкерімен арадағы қысқаша әңгімесі көрсетілді.

- Не себептен осындай құқық бұзушылық жасадыңыз?

- Сол... күйініп...

- Күйініп? Ондай құқық бұзушылық бар екенін, оған әкімшілік шара қолданылатынын білесіз бе?

- Білемін.

- Біле тұра сондай құқық бұзушылық жасап отырсыз. Әр адам солай орталық көшеде шешініп жүретін болса, не болады? Қандай тәртіп болады? Өзіңіздің мына жасаған қылығыңызды мойындап отырсыз ба?

- Иә.

- Енді мұндай құқық бұзушылық қайталана ма?

- Жоқ.


- Енді мұндайды қайталамаңыз. Қайталанған жағдайда әкімшілік қамауға алынасыз.

Дегенмен, ерсі қылығымен елге танылған қыздың неге күйінгені белгісіз болып қалды. Ал оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, бойжеткенге 434-бап бойынша хаттама толтырылып, жеті айлық есептік көрсеткіш (15883 теңге - ред.) негізінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Естеріңізге салсақ, Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынының аялдамада мас күйінде жалаңаш тұрған видеосы әлеуметтік желіде осы аптаның басында тараған еді.