Атырауда көшеде жыныстық қатынасқа түскен жұп ұсталды

Атыраулық полицейлер Владимировская көшесіндегі үйдің маңында жыныстық қатынасқа түскен әйел мен ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды Caravan.kz  порталы "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіпті бұзған жұпты әлеуметтік желідегі шағымнан кейін ұстады. Желі қолданушылары жұптың ерсі қылығының суреттерін жариялаған.

Атырау полиция басқармасының баспасөз қызметінде хабарлағандай, 1988 жылы туған ер адам сот шешімімен сегіз тәулікке қамауға алынды.


Ал 1989 жылы туған әйел психиатриялық есепте тұр. Ол Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығына қайта жатқызылды.