Атырауда күйеуі әлеуметтік желідегі суреті үшін әйелін өлтіре жаздады

Әйелін қызғанып, оның сөздеріне құлақ аспаған ер адам оны аяусыз соққыға жығып, артынша пышақ сұғып алған, деп жазды  Стан.кз порталы  “Ақ Жайық”басылымына сілтеме жасап.

К.-ның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабы 1-тармағы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.