Атырауда мал тиеген жүк көлігі апатқа ұшырады


Жеңіл машина тізгініндегі қыз бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал тіркемесімен қоса аударылған Камаздағы 20 сиырдың көбі арам өлген. Шалажансарларын да бауыздап тастауға тура келді. Жүргізушінің сөзінше, ол Батыс Қазақстан облысынан Ақтауға мал сатуға кетіп бара жатыпты.