«Ұсталған төрт жігіт те Астрахан облысының Сүйіндік ауылының тұрғындары болып келеді. Жарты жыл бойы олар Құрманғазы ауданының тұрғындарының жылқылары мен ірі қара малдарын қолды қылып келген», - деді аймақтық ІІД басшысы Гүлназира Мұхтарова.
Г. Мұхтарованың айтуына қарағанда, ұрылар бір келгенде 2-4 жылқыдан алып кетіп отырып, оларды сойып, сатып отырған. Осылайша жергілікті тұрғындарға миллион теңге көлемінде залал келтірген. Қазірде 10 жылқы мен 1 сиырдың жоғалғаны жайлы мәлім болып отыр, ал ұрланған малдың нақты саны әлі белгісіз. Себебі зардап шегушілердің барлығы әлі полицияға шағымданып үлгерген жоқ, делінген ІІД мәлімдемесінде.