Тарихшылар Нарын құмындағы қорым шамамен 9-11-ші ғасырларға жатады дейді. Әрі бұл мола өзгелерінен ерекше. Өйткені жауынгер атымен бірге жерленіпті. Сондай-ақ, одан ұзындығы 1 метрге жуық қылыш пен жебенің ұштары, сауыт және ат әбзелдері табылған. Аталған қорым 9-11 ғасырларда өмір сүрген оғыздар тайпасынікі деп топшылайды ғалымдар. Себебі, аттарға арнап сауыт жасаумен сол заманда оғыздар ғана айналысқан екен.
Марат Қасенов, археолог:
-Бұл экспонаттар қазір біздің университеттің лабороториясында, қазір оған реставрация жұмысы жүргізіліп жатыр. Сауыты мен әртүрлі құрал-жабдықтарына қарағанда және жерлеу рәсіміне қарағанда, бұл сол кездегі оғыз дәуірінің тайпасының көсемі деуге болады.
Loading...