Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған білім ордасының басшылары бұл туралы облыстық экология департаментіне хабар берген.
«Былтырдан бері мектеп жанында топырақтың бетіне сұйықтық шығып жатыр. Бастапқыда аз мөлшерде шықты. Оны өзіміз топырақпен көмген едік. Бірақ, биыл сұйықтық қайта шығып, аумағы үлкейіп барады», - дейді білім ордасының директоры Лида Көшенова.
Атырау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Есенвотің пікірінше, бұл мазут болуы мүмкін.
«Бұрын мектептер сұйық отынмен жылытылды. Қазір білім ордалары табиғи газ желісіне қосылды. Ал, аталған жанында ағып жатқан сұйықтық бұрынғы жылыту қазандығынан қалған сұйық отын болуы мүмкін деп топшыладық», - дейді Ерлан Есенов.
Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мамандар мұнай тәріздес сұйықтық ағып жатқан аумақтағы топырақтан сынама алған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың маңында аққу мен үйрек, қарға өліп жатқанын жазған болатынбыз.