Атырауда мұнай компаниясы басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Каспиан Си Венчуранс Интернэшнл, ЛТД-Норт Каспиан» компаниясы филиалының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеуден жалтару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаржы полицейлерінің пікірінше, компанияның Атырау филиалы басшылығы 20007 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың желтоқсаны аралығында салық төлеуден жалтарып келген. Нәтижесінде мемлекет қазынасына 111 млн. теңге салық түспеген.

Алдын ала ақпарат бойынша, салық төлеуден жалтару бухгалтерлік есепті бұрмалау арқылы жүзеге асырылған.