Атырауда мұнай ұрлаушылар құбырды тесіп оны бітеместен қашып кеткен

Оқиға Атырау қаласынан 10 шақырым жерде болған. Ұрылар қара алтынды құбырды кесіп барып алыпты. Кейін тесікті бітеместен, қашып кеткен. Одан аққан мұнай өзенге құйылды. Қазір мұнай төгілген орын тазартылып жатыр. Құбырға иелік ететін компанияға қандай шығын келгені белгісіз. Бірақ табиғатқа едәуір залалы тиді.

Сапар Тұрсынбеков, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі:

-Бірнеше жерлерді мұнаймен ластаған. Барлық учаскелерді, 7 учаскеге бөлініп есептелінді және де бұл мұнайдың Сарыөзек өзеніне құйылған. Бұл жер де ластанған. Осы ластанған жерлерден Атырау облыстық экология департаменті сынама алды зертханаға. Қазіргі кезде сынама зерттелу үстінде.

Loading...