Атырауда мың күйші Құрманғазының шығармаларын орындайды

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен шамамен бір мың күйші қатысады деп күтілуде.

«Шара Құрманғазының 190 жылдық мерейтойына арналмақ. Күй атасының шығармаларын жинақталған оркестр орындайды. Қазіргі таңда Құрманғазы жерленген Астрахан облысында мерекелік шаралар өткізілуде», - дейді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Оның сөзіне сүйенсек, мерекелік шараға жиналатын қалың жұртшылық үшін тосын сый әзірленген.