Атырауда мыңдаған шөлмек арақты трактор таптап тастады


Бұлар былтырдан бері салық инспекциясының ұсынысымен қаладағы дүкендерден тәркілепті. Көбінде тауар белгілері мен акциздік маркалар болмаған. Тіпті оны өткізгенде де, қарапайым қағидаларды белден басып, қалай болса солай сатқан. Бүгін арнайы комиссияның шешімімен ащы судың барлығы трактордың табанына тапталды.