Атырауда нөсер жауын салдарынан мектептер мен бала-бақшалар жұмысын тоқтатты

«Нөсер жауыннан кейін қала көшелерінде төтенше жағдай қалыптасты. Соған байланысты 12-мамыр күні мектептер мен бала-бақшалар жабылды» - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған мекемелердің сәрсенбі күнгі кестесі бүгін кешке белгілі болмақ.