Атырауда облыстың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиевке қатысты сот процесі басталды

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері сот ғимаратын қоршауға алған.

Аталған іс материалдарына күдікті ретінде қылмыстық топтың 22 мүшесі енгізілген. Қазір оның 11-і қамауда, 9-ы үй қамағында отыр. Екеуі ешқайда шықпау туралы қолхат берген. Процеске мемлекеттік айыптаушы мен 21 адвокат қатысады.

Б.Рысқалиев пен оның ағасы Аманжан Рысқалиға және олардың 9 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған.


Қаржы полициясының мәліметінше, Атырау облысының экс басшысы жетекшілік еткен қылмыстық топ мемлекетке 71 млрд теңге шығын келтірген. Бүгінде оның 23,6 миллиарды мемлекетке қайтарылды.