Атырауда оқушылар жаппай уланып қалды

Рауасия Масалимова, И. Тайманов атындағы мектептің мұғалімі:

 - 9 сыныптың  оқушылары  ашық тұрған есіктен спортзалға келген. Сол спортзалдың маңында болып тұр . Сосын есіктің алдына шыққан кезде киім ілетін қызметкерден  бастап уланған. Есік алдынан иісті байқадық. Балалардың бәрін шығарып  жедел жәрдем шақырдық.

Оқушылардың неден уланғанын қазір тиісті орындар анықтап жатыр. Мектепке адамдардың кіріп-шығуына да тиым салынған. Бір анығы – оқу ордасы электр қуатымен жылытылады. Яғни газ құбыры тартылмаған. Прокуратура қызметкерлері оқушылар балалыққа салынып, өздері мектепке алып кірген газ балонынан уланулары мүмкін деген болжам айтып отыр. Ата-аналар қазір аурухана алдын торуылдап жүр. Ал дәрігерлер жеткіншектердің жағдайы қалыпты,-деп, бір сыпырасын үйлеріне жібергелі отыр.

Орындық Сиплова, Атырау облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Балалардың тамақтарының жыбырлауы, қышынуы және құсу пайда болған. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы орташа деп айтамыз. Бәріне көмек көрсетіліп жатыр

Loading...