Атырауда өрт салдарынан бір адам қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, 16 шілдеде 4 сағат 14 минутта Атырауда жай үйдегі өрт салдарынан бір жігіт қаза тапты. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 3 адамы мен 1 арнаулы техникасының күшімен 4 сағат 51 минутта сөндірілді.

Сонымен бірге, 16 шілдеде 15 сағат 10 минутта Қызылорда облысында Қазалы темір жол станциясында № 2207 жүк пойызының пияз тиелген вагонында өрт шықты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, соның салдарынан вагон құрамнан бөлініп, Қазалы темір жол станциясының өрт сөндіруші пойызының күшімен сөндірілді. Қозғалысқа кедергі келген жоқ.