Атырауда өзіне қол салған полицейдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасының ресми өкілі

-Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні Атырау облыстық прокурорлар басқармасымен аталған қылмыстық істер бойынша тергелуде.

Дегенмен арнайы прокурорлар басқармасы қылмыстық жауапкершілікке кімдердің тартылатынын нақтылаған жоқ. Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Ғұбайдуллинді 21-ші сәуір күні 3 келі қара уылдырық пен 250 мың теңге пара алып жатқан жерінде қаржы полицейлері ұстаған-ды. Бірақ, тергеу кезінде денсаулығы нашарлаған Ғұбайдуллин ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен болатын. 4 күннен соң полиция майорының мүрдесі табылды. Мәліметтерге қарағанда, ол қаладағы бос ғимараттардың біріне барып асылып қалған. Марқұмды бүгін тума-туыстары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды.


Қандарбек Бақтыгереев, Атырау облыстық ІІД бастығының орынбасары:

- Мектеп бітірген соң ары қарай өзінің өмір саласын ішкі істер органдарына арнады. Осы қызмет еткен кезінде өзіне де, қызметіне де ешқандай наразылық сәттер туындаған жоқ.