Атырауда пара алды деп күдік тағылған полиция қызметкері асылып қалды

Ол кеше қала орталығындағы құрылыс нысанында асылып қалған күйінде табылған, деп бүгін аймақтың құқық қорғау органындағы құлағдар дереккөз мәлімдеді.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова «ИФ-Қазақстан» агенттігіне полиция қызметкерінің қайтыс болғанын мәлімдеп, қазір тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұрын хабарланғандай, аудандық полиция бөлімінің басшысы браконьерлерді бүркемелеп 250 мың теңге және 3 кг қара уылдырық пара алу кезінде ұсталған.


Полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ол өзін нашар сезініп ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлік көмек алған соң ол емдеу орнынан қашып кеткен.