Атырауда пәтер сатып жүрген алаяқ букмекерлік конторда қыруар ақшаға ұтылды


35-жастағы жігіт жарнама арқылы қарыз болып қалғандардың сатылуға қойылған мүлігі деп, біреулерден жалға алған пәтерлерді сатуға ұсынған, деп хабарлады жұмада облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.
Оның айтуынша, "Привокзальный" шағынауданындағы бір элиталық пәтерді ол бірден алты клиентке сатып үлгерген, әрқайсысынан алдын-ала 3- 3,5 млн теңге ақша алған.
"Барлық ақшаны, шамамен 20 млн теңгені ол букмекерлік конторда ұтылған", деді ол.
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің  алаяқтық  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.