Атырауда прокуратура қаланың экс-әкімі Асқар Керімовке шығарылған үкімге наразылық білдірді


Прокуратура нұсқасы бойынша, сот үкім шығарарда сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыра отырып, оның әрекетіне дұрыс баға берген жоқ.

Осының негізінде прокуратура соттан Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімовті ҚР ҚК 235-бабының бірнеше бөлімдерімен айыпты деп танып, оған мүлкін тәркілеумен 12 жылға бас бостандығынан айыру және жазасын қатаң режимде өтеу үкімін тағайындауды сұрайды. Мемлекеттік айыптаушылардың пікірінше, облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің командасындағы бірқатар бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлерге  бұдан  қатаң жаза тағайындаған жөн деп санайды.