Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы С. Сәдуақасов 11 миллион теңгені жымқырды


Оған Атырау қаласындағы несиелік тұрғынүйдің құрылысына бөлінген қаражаттан 11 миллион теңгені өз қалтасына басқан деген айып тағылуда. Сонымен қатар, құлқыны кең атқамінер заңсыз кәсіпкерлікпен де айналысқан. Яғни,  2009 жылы өзінің туысына тиесілі «Атырау Құрман құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып келіпті. Қазір Сәдуақасов қамауда отыр.