Атырауда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қаржы полициясының күдігіне ілінді

Тергеу нұсқасы бойынша, ол заңсыз түрде аумағы 0,920 гектар жер учаскесін 12 бөлікке бөлу туралы шешімге қол қойған. Соңында, осы учаскелердің бәрі жеке тұлғаларға берілген.

Қаржы полициясынан ақпараттандырғандай, осы іс бойынша қалалық әкімдіктің басқа қызметкерлері де тергелуде.