Атырауда қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды

Алтын жалатып, көлік мінген Ахметовтың арбауына атыраулықтар ғана емес, елдің түкпір-түкпірінен талай адам алданды. Олар жылдап жинаған қаржыларын осы «Плэйткойн» компанияның есепшотына аударған. Тіпті кейбірі үстіндегі үйі мен астындағы көліктерін де сатып жіберсе, енді бірі депозиттеріндегі миллиондарын өз қолдарымен Жеңісхан Ахметовке ұстатыпты. Пирамиданың басшысы оларға қаржыны 30 пайыз өсіммен қайтаруға уәде еткен. Енді үстемақы түгілі, берген ақшалары да жоқ. Аңғал жұрт құқық қорғау органдарын жағалап жүр. Қазірдің өзінде осындай 13 адамнан арыз түскен. Олардың саны әлі де өсуі мүмкін. Ал пирамиданың Атыраудағы бас кеңсесінің есігіне мөр басылып, жабық тұр.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190 яғни, алаяқтық бабымен іс қозғалды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Loading...