Атырауда қатты боран, күн күрт суытады


Аймақ тұрғындарының ұялы телефондарына боран соғып, аяз көтерілетіні туралы хабарлама келген. Мамандар «облыста жел күшейіп, жылдамдығы 23 м/с дейін барады, бұған қоса температура төмендейді» деп отыр. Синоптиктердің айтуынша, облыстың кейбір аудандарында күн райы  -30 градусқа дейін төмендейді.