Атырауда Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтар форумы қарсаңында көрме кешені салынады

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарының ынтымақтастық форумы осы жылдың күзінде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысады. Осыған орай, Атырау облысында форум жұмысына дайындық бойынша республикалық комиссия жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған форумда кеңейтілген көрмелер өткізу дәстүрге айналған.


Аймақ басшысы, бұған қоса Атырауда көрмеге лайықты ғимараттың жоқтығын және қазір оның құрылысы туралы мәселе шешіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесу орнына қажетті жаңа ғимарат  салынуы керек.