Шараға жалпыұлттық БАҚ-тардың басшылары, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары, қоғам және саяси қайраткерлер, танымал журналистер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінен құралған 300-ге жуық делегат қатысып отыр.
Форумға сондай-ақ, ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов пен елімізде аккредитацияланған елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері қатысуда.
Конгресс бағдарламасына сәйкес, онда мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, Қазақстанда жарнама нарығын дамыту, Қазақстандық БАҚ-тардың мемлекеттік мекемелермен ықпалдастығы, масс-медианың баспасөз қызметтерімен арақатынасы, журналистерді дайындау стандарттарына деген жаңаша көзқарас мәселелері сарапталады.
Конгресс жұмысының екінші күні, 20-ақпанда Қазақстан журналистері конгрессінің "Жыл журналисі" атты сыйлығы табыс етіледі.