Атырауда Қазақстанда атом электростансасын салу жөніндегі келісімге қол қойылды

Алдымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу және пайдалану туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге ресейлік тараптан «Росатом» атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенко, қазақстандық тараптан ҚР  энергетика министрі Владимир Школьник қол қойды.