«Шетелдік мердігерлер әкелетін материалдары мен жабдықтарына кедендік баждан босатылған. Қазақстанның заңды тұлғалары ҚР заңнамасына сәйкес баждан және алымдардан босатылуына құқысы жоқ. Шетелдік жеткізуші ҚР шегінен тыс жерлерден тауарды сатып алып, сол жерде консорциумға сатады. Консорциум Өнімді бөлу келісімі шарттарына сәйкес баж салынбайтын тауарды өзінің экспедиторлық компаниялары арқылы дербес әкеледі. Қазақстандық жеткізуші тауарды өз атына дербес әкеледі және барлық шығындарды төлейді. Сонымен қатар баж төлеп, Қазақстан аумағында тауарды сатады», - деді конференцияда NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаев.
Соның нәтижесінде шетелдік және жергілікті компаниялардың тең емес жағдайларынан,бағаның жоғары болуынан жергілікті компаниялар коммерциялық сатыда тендерден ұтылады. Тағы бір кедергі, мердігерлікті алуға 1-санатты лицензияның болмауы. Негізі өлшем лицензиаттың тәжірибесі, ол лицензия алған күннен есептеледі. Сөйтіп, 1-ші санатты лицензия алу үшін тиісті саладағы 10 жыл тәжірибе керек және мердігерлік шарты бойынша 10 нысанды, субмердігерлік шарттарымен 20 нысанды жүзеге асырғанын қуаттауы тиіс.
Жаңадан құрылған бірлескен кәсіпорындар тіпті негізгі компанияларының бірінің 1-ші санатты лицензиясы болғанның өзінде технологиясы төмен нысандардағы жұмыс тәжірибесін көздейтін 3-ші санатты лицензияны ғана ала алады.
Осындай барлық проблемаларды талқылай келіп, конференция қатысушылары одан әрі игеруді және қазақстандық үлесті ұлғайту шараларын қабылдауды көздейтін бірқатар келісімдер жасасты. ҚР энергетика министрінің орынбасары Мағзом Мырзағалиев ведомство атынан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен Сервистік компаниялар одағының тиісті құжаттарына қол қойды.