Атырауда «Қазпошта» қызметкерлері сотталды


Сотталғандар қатарында «Қазпоштаның» Қызылқоға аудандық филиалының басшысы және екі кассир бар. Олар 2010-2012 жылдар аралығында клиенттер депозитінен 60 млн. теңге жымқырды деп айыпталуда.

Сот барлығын ҚР ҚК 176-бабы бойынша айыпты теп таныды. «Қазпоштаның» аудандық бөлімшесінің басшысы 3 жылға, кассирлер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың бірінің кішкентай баласының болуына байланысты сот үкімін кейінге шегеріп өтеу жазасы тағайындалды.