Атырауда қос тентек көлікпен жарысып моланы талқандады


«Жигули» мінген екеу христиан қабірлері тұрған жерде ойран салыпты. Араққа сылқия тойып алғандары сонша, полиция қолына түскеннен соң бір-ақ ес жиған. Тілдері күрмеліп, удай мас болған олар дұрыстап түсініктеме де бере алмапты. Қазір бұл екеуіне қатысты «көлікті мас күйінде жүргізу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр.