Атырауда салмағы 20 тонна кран көпірден құлап түсті

Атырауда бейсенбіде каналға көпірден салмағы 20 тонна кран құлап түсті.


«Кран бұрынғы химия зауытының аумағында тенологиялық каналдардың бірі арқылы өтетін көпірден құлаған», деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінен.
Құтқарушылардың айтуынша, кран жеке тұлғаға тиесілі, бірақ компаниялардың бірі оны жалға алған. Жүргізуші оқиға болған орыннан қашып кеткен. Қазір кранды көтеріп алу үшін орын дайындалып жатыр. Көпірге кіре берісте «жүріп өтетін көліктің салмағы алты тоннадан аспауға тиіс», деген белгі тұр.