2005-жылдың ортасында Атырау облысы орталығының оңтүстік-батыс бөлігінде бір және екі қабатты коттедж үлгісіндегі үйлерден құралған жаңа тұрғын үйлер кешені салынып, оған Сарықамыс ауылының 374 отбасы көшіріп орналастырылады.
Орталығында мектеп ғимараты мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы түрлі нысандар, спорт нысандары мен дүкендер тәрізді инфрақұрылымдық ғимараттарды қамти отырып, тұрғын үй учаскелерімен болашақта қанат жая түсетін ықшамаудан біртұтас сәулет ансамблі түрінде кешенге айналмақ.
Жаңа тұрғын үй кешенінде ықшам ауданның өз аумағында қызмет көрсететін көлік желісі бағыттары, дренаж жүйесі, су құбыры және газбен қамту жүйесі
салынады.
Тұрғын үй кешенінің құрылысын "ТШО" ЖШС қаржыландырмақшы. Әріптестік жөніндегі кеңестің шешімімен тиісті қаржы кәсіпорын бюджетінде қарастырылып та қойды. Нысандарды салушы бас мердігер - "Мехстройсервис" ЖШС.
Құрылыстар іргетасының алғашқы кірпішін қалау рәсімінде сөз сөйлеген "ТШО" ЖШС-нің бас директоры Александар Корнелиус құрылыс жұмыстары қауіпсіздік техникасы талаптары мен мерзімдік шектеуді бұлжытпай жүзеге асырылады дегенге сенім білдірді.
Атырау облысы Жылыой ауданында, ТШО өндірістік аймағынан 30 шақырымда орналасқан Сарықамыс ауылында 3500 тұрғын бар. 2005-жылдың ортасына дейін 1590 адамнан тұратын 374 отбасы Атырауға көшеді. Қалған 1889 адам Жылыоай ауданының Жаңа қаратау ауылында салынатын осындай жаңа тұрғын үй кешеніне көшіріп орналастырылады.