Нақтырақ айтқанда,облыс әкімдігі өздерін елді-мекендерді газбен қамту, электр желілері мен құбырларын тарту және көпір салу мәселелері бойынша зардап шеккен тарап ретінде көрсетіп, осы іске қатысы бар 21 адамнан шығынды өтеуді талап етпек.Бірақ бұл айыпталушылардың наразылығын тудырып, олар әкімдіктен келген өкілге бас салды. Алайда қағазға жазып келгенін ғана оқып берген заңгер артық сұраққа жауап бермек түгілі, сол күйі жұмған ауызын ашқан жоқ. Ал сотталушылар барлығын тақырға отырғызып, ақыр аяғында ізім-қайым жоғалған ағайынды Рысқалиевтердің не себепті бұл тізімде жоқ екенін түсінбей дал болуда.
Татьяна Шарыпкина, айыпталушы: