"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті Көліктегі қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы И.В. Шиннің бірнеше рет пара алғанын әшкереледі", - деп хабарлады ұлттық бюродағылар. Ведомство мәліметінше, күдікті жолаушылар пойызындағы бригадирлерден олардан санитариялық-эпидемиологиялық ереже бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алып отырған. "29 қыркүйекте соттың шешімімен И.В. Шин қамауға алынды. Алған парасының жалпы сомасы - 824 000 теңге. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ұлттық бюродағылар.