Машина ішіндегі сөмкеден киіктің 75 дана мүйізі шықты. Көлік тізгініндегі 33 жастағы жігіт жүкті Батыс Қазақстан облысындағы танысы артып жібергенін айтып ақталуда. Қазір киелі аңның мүйіздері түгел тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Иесі делінген адам да іздестіріліп жатыр. Жануарлардың мүйізі бұлардың қолына қайдан түскені әзірге белгісіз.
Loading...