Атырауда сот 30 интернет-ойынхана сайтын жапты

«Атырау қалалық соты Атырау қаласы прокурорының интернет-казиноны заңсыз деп тану туралы өтініші бойынша азаматтық іс қарады. Сот отырысы барысында қазақстандық пайдаланушылар еркін кіре алатын 30 сайт жұмыс істейтіні анықталды. Бұл сайттарда «Frank-cazino» жұмыс істейді, мұнда онлайн-режімінде бірнеше құмар ойын түрлерін («Зеросыз» және жанды дилермен рулеткада онлайн-ойын, блэкджек, покер) ойнау және ұтыс төлеу мүмкіндігі бар.

Сот шетелдік бұқаралық ақпарат құралының «Frank-cazino» интернет ресурсының өнімін заңсыз деп танып, Атырау қаласы прокурорының өтінішін қанағаттандырды. Сот оны ҚР аумағына таратуды тоқтатуға қаулы етті. Сот шешімі заңды күшіне енді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде.