Атырауда сушидан жаппай уланғандардан сальмонеллез табылды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл туралы өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Еске салайық, 28-ші желтоқсанда тамақтан улану белгілерімен аудандық ауруханаға 16 адам түскен еді. Көп ұзамай уланған адамдардың жалпы саны 43-ке жетті. Барлығы «Три самурая» кафесіне үйлеріне суши жеткізуге тапсырыс берген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі таңда пациенттердің көбісі үйде емделуге жіберіліпті. Тағы бесеуі дәрігерлердің бақылауында. Санитар дәрігерлер экспресс-дәмхананы тексеріп өрескел заң бұзушылықтарды және суши құрамындағы қоспалардың сапасы төмен екенін анықтады. Сондай-ақ, аспаздардан стафилококк қоздырғышы табылды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

АЙНАГҮЛ САРСЕНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


"Суши тағамының құрамына қосылған краб таяқшасы мен соустардан алынған сынамалардың талдауы бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Тағамдық дайындықтан аспазшылардан стафилококк ауруы іс-қоздырғыш анықталды. Және алынған сүртінділерден шартты патогенді флоралар анықталды".