Өлген балықтардың дені – алабұға, балпан және қызылқанат. Атөткел – Каспийге құятын Қиғаш өзенінің саласы. Су көтерілген кезде бұл балықтар бірге келіп, су қайтқан соң қамыс-қоғаның көптігінен бірге кете алмай, қалып қойған. Яғни олардың қырылуына ауаның жетіспеушілігі себеп болған дейді мамандар. Қазір өлі балықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Loading...