Аға сержант қаруының жоғалғанын үш сағат өткенде байқаған. Ал сұғанақ бұрын сотталған екен. Сол табельдік қарумен жанармай бекетіне шабуыл жасап та үлгеріпті. Осы оқиғадан кейін жергілікті әкімішілік полиция басшылығы қызметтерінен босатылған. Өйткені бұл Атырауда орын алып отырған екінші жағдай еді. Мұның алдында жол сақшысы қызметтік қаруын дәретханада ұмыт қалдырған болатын. Ал тапаншасын жоғалтқан ұйқышыл сержант 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Сот оның кәмелетке толмаған 4 баласының барын ескеріпті.
Loading...