Атырауда толассыз жаңбыр салдарынан су басқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды

Қанша үйді су басқаны әзірге белгісіз.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық мектептерде сабақ болмайды, мектепке дейін мекемелер жұмыс істемейді. Қаланы судан арылту үшін 20 вакуумді көлік пен облыстық өрт сөндіру қызметінің 13 машинасы жұмылдырылды.


Синоптиктердің болжауынша, өңірде алдағы уақытта да жауын-шашын күтілуде.