Атырауда төрт автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Сейсенбі күні Атырауда төрт көлік соқтығысып, бір адам мерт болды.


Əуежайға барар жолда "Киа Рио" көлігі "Тойота Ланд Крузермен" қақтығысқан. Содан соң жолдың қарсы бетіне шығып кеткен Киа "ВАЗ-21014" жəне "Нива" көліктерін соққан.
Салдарынан "Ниваның" жолаушысы - 39 жастағы əйел мерт болды. Апат себептері анықталып жатыр.